Жамбыл облысында су жүйелерін жөндеуге геосинтетикалық бетон төсемі пайдаланылады

Жамбыл облысында су жүйелерін жөндеуге геосинтетикалық бетон төсемі пайдаланылады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы Белқожа каналын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Ұзындығы 19,46 шақырымды құрайтын каналдың 13,5 шақырымы бойынша жұмыстар аяқталған. Қалған бөлігіндегі бетондау жұмыстары жалғасуда.

Канал арқылы 3790 га алқап сумен қамтылады.

CCX™ компаниясы өкілдері аумақ басшысына каналда геосинтетикалық бетон төсемдерін төсеу  бойынша өз жобаларын ұсынды. Жаңа төсемді компания сынақ ретінде 50 метр ұзындыққа төсеп тексеруде. Ол су ағынын жеделдетіп, шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Инвестор облыста геосинтетикалық бетон төсемін шығаратын зауыт салуға да ниетті.

Облыс әкімі компаниясының жобасын қолдайтынын атап өтіп, оның жан-жақты мүмкіндіктерін зерделеу үшін тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы геосинтетикалық бетон төсемінің Т. Рысқұлов ауданында пайдаланып көру бойынша тапсырмалар берді.

Бұдан соң, Нұржан Нұржігітов «Байжанова Н» шаруа қожалығының жалпы 60 гектардағы қант қызылшасы мен жүгері алқабын көрді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow