Тау тұлға рухына тағзым
Бүгін Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайтыс болғанына 30 жыл толды. Осыған орай тараздықтар облыс орталығындағы Д. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ұлт тарихындағы ұлы тұлғаның рухына тағзым етуге келгендер арасында мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері және әр түрлі қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Айта кетейік, Дінмұхамед Ахметұлының еңселі ескерткіші мемлекет қайраткерінің 110 жылдығына арналып орнатылған болатын. Ескерткіштің биіктігі, тұғырымен қоса алғанда, сегіз метрге жетеді. Монумент авторлары – жас мүсінші Дулат Үсенбаев, Қанат Бигулиев, Данияр Сарбасов және Әлімжан Тоқбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?