Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қараша Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, экономика магистрі, құқықтану бакалавры, бакалавр академиялық дәрежесі берілген менеджмент саласының маманы.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болды.

2001 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдар атқарды.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow