Ербол Қарашөкеев белгілі медиа-менеджерлермен кездесті

Ербол Қарашөкеев белгілі медиа-менеджерлермен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі медиа-менеджерлермен, “Арманда" бизнес-форумының спикерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде аталған форумды ұйымдастырушы Арман Дәулетяров, танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы жобаның негізгі мақсаты туралы жан-жақты тоқталды.

 «АРМАНДА» - іскер азаматтарды, қоғам қайраткерлерін, медиа- бизнес өкілдерін және барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін форум.
Шараның басты мақсаты - рухани байлықты алға тарта отырып, тәжірибе мен ақпарат алмасу, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Форум барысында танымал қазақстандық сарапшылар іс-шара қонақтарымен баға жетпес тәжірибе мен бірегей білімдерімен бөліседі.

Облыс әкімімен өткен кездесуде осы және өзге де мәселелер де талқыланды.

Ербол Қарашөкеев қонақтарды облыстың дамуының негізгі бағыттарымен таныстырып, өңірдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм салаларында үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті.

Айта кетейік, форум Қазақстанның 17 қаласында, оның ішінде Таразда да өтуі жоспарланған. Спикерлер балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барып, студенттермен және аз қамтылған отбасылармен бірқатар кездесулер өткізді, қайырымдылық шараларына қатысады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow