Әртістердің мемлекеттік концерттерден алатын гонорары: Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы құжатқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртістердің мемлекеттік концерттерден алатын гонорары: Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық НҚА" порталында құжат әзірлеп, жариялағаны хабарланған болатын. Онда отандық әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы ақпарат жарияланған.

Қазір "Ашық НҚА" сайтынан бұл ақапарат өшірілген, оның орнына "мемлекеттік органның ресми сұрау салуына байланысты" ақпарат алып тасталғаны жазылған.

"Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow