Қазақстан мен Вьетнам президенттері қыш құмыра жасады

Қазақстан мен Вьетнам президенттері қыш құмыра жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг керамика бұйымдарын шығаратын елдімекенге барды. Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты. Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.

Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Презденты Казахстана и Вьетнама посетили керамическую деревню  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980 жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
Презденты Казахстана и Вьетнама посетили керамическую деревню  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow